Пойызда босанып, сәбиін санитарлық шұңқырға тастаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас көлік прокуратураның мәліметінше, сәбидің өліміне анасының психикалық ауруы себеп болған.
- Қарағанды көлік прокуратурасы "Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел" аралығында жолаушылар пойызында болған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, - деп жазылған хабарламада.
Оқиға 2025 жылдың 20 сәуірінде болды. Пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған.
Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел дертінің асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби темір жол рельсіне құлап, алған жарақатынан шетінеп кеткен.
- Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты қылмыс жасалған сәтте әйелдің есі дұрыс болмаған деген қорытындыға келіп, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды, - деп жазылған хабарламада.