• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Кеше

Рыбакина Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шықты

40 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді. Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.