• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

3,5 миллиард теңге алаяқтық: Перизат Қайрат пен анасының ісі

40 рет
көрсетілді

2021 жылы Перизат Қайрат жалған құжаттар арқылы атауы заңды түрде тіркелген «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорына ұқсас атауы бар «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» атты қоғамдық бірлестікті тіркеген. Бұл бірлестік арқылы ол анасы Ғайни Алашбаевамен бірге көпшілікке көмек көрсету ұранымен ақша жинап, ірі көлемде алаяқтық жасаған, деп жазады Egemen.kz.

Сотта анықталған деректерге сәйкес, Перизат Қайрат пен анасы:

2021 жылғы қараша мен 2023 жылғы қазан аралығында қайырымдылық орталығын салу, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету және қоғамдық шаралар ұйымдастыру желеуімен 126,7 миллион теңге жымқырған;

2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы сәуірге дейін Палестина халқына көмек көрсету деген сылтаумен 559,1 миллион теңге жинап, жеке мақсаттарына жұмсаған;

2024 жылғы сәуір мен қараша аралығында, елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету деген желеумен 2,8 миллиард теңге иемденген.

Осылайша, алаяқтық жолмен жиналған қаражаттың жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгені құраған. Бұл қаражаттар Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның жеке шоттарына аударылып отырған.

Тергеу барысында олар қылмыстық жолмен алынған ақшаны гүл бизнесіне инвестиция салу, жалған мәмілелер жасау, қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, жиһаз сатып алу, саяхаттар және жөндеу жұмыстарына төлеу арқылы заңдастырғаны анықталды.

Іс материалдары бойынша сот үкімі тағайындалып, екі күдіктінің заңсыз әрекеттері дәлелденді.

Соңғы жаңалықтар