Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өтіп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, кезекті жарыс күнінде ұлттық құрама үш жүлде иеленді. Медальдардың үшеуі де – қола, деп жазады Egemen.kz.
Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.
Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға 2:3 көрсеткішімен есе жіберді.
Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен тартысты кездесуде (2:3) ұтылды.