• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Табиғат 24 Шілде, 2025

Жетісуда жер сілкінді

30 рет
көрсетілді

Жетісу облысында 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, зілзала 2025 жылғы 24 шілде күні сағат 8:47-де (Астана уақытымен) Ушарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің эпицентрі 46.02° солтүстік ендік пен 81.24° шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы – 3,7, энергетикалық класы – К=8.5.

Жер сілкінісі тұрғындар тарапынан сезілмеген.