• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Кеше

Жастарды қолдайтын бастамалар

20 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі бірінші жартыжылдықтағы негізгі нәтиже бойын­ша қорытындыларды ұсынып жатыр. Осы ретте мемлекеттік жастар саясатын дамытудың басты бағыттары таныстырылды. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін шешу және оларға жаңа мүмкіндіктер жасау.

Қазақстанда жастарды қолдаудың жүйелі бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Ол 2029 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар сая­саты тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдаманың басты ерекшелігі – жас­тар үшін жұмыс істеу емес, жастармен бірге тең дәрежеде қызмет ету. Құжат қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа буынның сұраныстарына сай бейімделген.

«Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасына сәйкес, жастардың бас­ты сұраныстарының бірі – баспанамен қамтамасыз ету. Осыған жауап ретінде Мем­лекет басшысының тапсырмасымен «Наурыз» және «Отау» жеңілдетілген тұрғын үй бағдар­ламалары іске қосылды. Бұл баста­маларға 219,8 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 35 жасқа дейінгі 5,4 мыңнан аса азамат мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Jas Kenes Syilygy» атты беделді жас­тар сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Сонымен қатар «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы сияқты дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға бағытталған маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

Жартыжылдықтағы маңызды оқиғалар­дың бірі – Алматы қаласының Орталық Азия елдері бойынша 2025 жылғы Жастар астанасы атануы. Бұл – қаланың жастар саясатын дамытуға қосқан үлесінің халықаралық деңгейде бағалануы. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жас көшбасшылары мен таланттарының кездесуі өтпек. Бұл іс-шара жастар арасында тәжірибе алмасу мен ынты­мақтастықты нығайтудың алаңына айналады.

2024-2026 жылдарға арналған республи­калық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы аясында бірқатар ірі іс-шара өтті. Атап айтсақ, ASK Camp форумы, «jas power talks», сондай-ақ «Жай­дарман» республикалық ойындары ұйымдастырылды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы басталды. Оның салтанатты ашылуы Ақтөбе қаласында өтті. 2025 жылы 35 мыңнан аса жас отандасымызды маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған, ал бірінші жартыжылдықта 14 мың жас уақытша жұмысқа орналасты.