• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Кеше

Қатты желден 5 адам Каспийге батып кете жаздады

20 рет
көрсетілді

 

Каспий теңізінде қатты жел салдарынан жағалаудан алыстап кеткен 5 адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Ақтау қаласындағы "Бриз" яхта-клубы маңында үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде болған.

SUP-тақтамен серуендеп жүрген 5 адам қатты желге тап болып, 2,5 шақырым қашықтықта ашық теңізге шығып кеткен.

Өздігінен жағаға орала алмаған демалушыларға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келген.

– Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 5 адам жағаға дін аман жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды желді және дауылды күндері суға шыққанда абай болуға, міндетті түрде құтқару кеудешелерін киюге және ауа райын мұқият бағалауға шақырады.