• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:47

Магистратураға түсушілерге арналған күнтізбе жарияланды

30 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, кешенді тестілеу 21 шілде - 10 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Ал білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 12-18 тамыз аралығында қабылданады. Ақылы негізде оқуға құжаттар қабылдау 15-28 тамыз аралығында жүргізіледі. Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Жоғары білімнің осы сатысы бойынша білім алуға ниеттілер өзге де қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан біле алады.