• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Жанашыр жүзік

30 рет
көрсетілді

АҚШ-та телефонға шектен тыс телміргендердің саусағын қысып қалатын сақина шықты.

Жүзіктің ішкі жағында орналасқан ұсақ тікенектер телефонды ұзақ ұстап отырған кезде саусаққа жайсыздық тудырады, бірақ ол теріні зақымдамайды. Мақсаты – адамды шексіз жаңалықтар лентасын парақтай беретін дағдыдан арылту. «Бұл жазалау емес. Бұл – шынайы өмірге қайта оралу үшін жасалатын ескерту», дейді әзірлеушілер. Қазірдің өзінде мыңдаған адам осы «Pinky Promise Ring» деп аталатын өнімге тапсырыс беріп үлгерген.