Жапонияда әжелерді жалға беру қызметі трендке айналды. «OK Obaachan» деп аталатын бұл қызмет арқылы кез келген адам каталогтан өзі қалаған 60 пен 94 жас аралығындағы әжені таңдап, оның әңгімесін, ақыл-кеңесін тыңдай алады.
Қызмет құны – сағатына 3 300 иен. Қазір жүйеде 100-ден астам әже тіркелген. Олар не істейді? Әжелер мысалы балаларға ертегі айтады, тамақ пісіруді үйретеді, ересектердің өзімен серуендеп, пікір алмасады. Кей апалар тіпті отбасылық жанжалдарды шешуге көмектеседі. Мұндай қызмет тек клиенттерге ғана емес, зейнетке шыққан әжелерге де біршама пайдалы болып отыр.