• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 22 Шілде, 2025

Ұлытау облысында қаржылық пирамиданы ұйымдастырушы сотталды

20 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласының тұрғыны 22 азаматқа жалпы сомасы 27 млн теңге шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы 2024 жылдың наурыз мен желтоқсаны аралығында компания кеңсесінде кездесулер өткізіп, жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар құрумен және «Telegram» мессенджері арқылы үгіт материалдарын таратумен айналысқан.

Аталған қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонустар алу сылтауымен жүйеге тартуға бағытталған.Сот үкімімен кінәлі адамға 5 жыл бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.