Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында осы қызмет айналысатын агенттіктерді лицензиялауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл қызмет еңбек миграциясын реттеп, саланың күрмеулі түйіндерін тарқатуға сеп болуы тиіс. Үкімет басшысы қазір жеке агенттіктердің қызметін қадағалау функциясы жоқ екеніне көңіл бөлді.
«Олардың жауапкершілік параметрлері белгіленбеген. Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі қажет», деді Олжас Бектенов.