• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Прокурор Перизат Қайратқа 10 жыл жаза тағайындауды сұрады

40 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Жарыссөз сатысында прокурор жазаны жеңілдететін мән-жайлар көрмей отырғанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Biz Birgemiz Qazaqstan - 2030» қорының басшысы болған Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңге жымқырғанын анықтаған еді. 

Сот барысында куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап та алынған еді. 

Осы жайттарды ескерген прокурор Перизат Қайратты - 10 жыл, анасы Ғайни Алашбаеваны - 8 жылға бас бостандығынан және айыпталушыларды мал-мүлкінен айыруды сұрады. 

Сот ертең жалғасады. Ертеңгі күні жәбірленушілер мен олардың өкілдері өз ұстанымдарын айтады.