Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығында металлургия, кен өндіру саласында оң динамика байқалған.
Негізгі металдардың әрі қарай өңделуіне, қосалқы салалардың дамуына және жоғары өңделген өнімдердің өндірісіне айрықша назар аударылып жатыр. 2025 жылы мыс өңдеуді екі есеге, алюминийді 50%-ға, қорғасынды екі еседен астам ұлғайту, сондай-ақ мырыш өндірісін 11%-ға арттыру жоспарланып отыр. Жалпы ішкі өнімдегі тау-кен металлургия кешенінің үлесі 8%-ды құрайды, өнім көлемі 14 трлн теңгеден асады. Бұл салада 224 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылы металлургия саласына 1,7 трлн теңгеден астам инвестиция салынған. Саладағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда $102 мыңды құрап, 9,4 %-ға өскен. Отандық кәсіпорындарды негізі металдармен қамтамасыз ету шарасы орташа және жоғары өнімдерді өндіретін кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде катанка, кабель өнімдері, аккумулятор, терезе профильдері мен жиһаз фурнитураларының және басқа да тауарлардың өңдірісі ұлғайп келеді. Сондай-ақ жылыту радиаторларын өндірістік аккумуляторлар мен латунь бұйымдарын өндіретін жаңа жобалар іске қосылған.