• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 12:03

471 көшбасшы үздік мектептерде тағылымдамадан өтіп жатыр

20 рет
көрсетілді

Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен 2023 жылдан бері «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жаңа форматтағы басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жоба – білім саласындағы тиімді басқарушылар корпусын қалыптастыруға ықпал етеді және білім беру процесінің сапасын арттыруды көздейді.

Үміткерлерді іріктеу бес кезеңнен тұрады: 1-кезең – тестілеу, 2-кезең – оқыту, 3-кезең – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, 4-кезең – қорытынды бағалау, 5-кезең – комиссиямен сұхбат.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше аталған барлық кезеңдерден өткендерге сертификат табысталып, соның негізде олар кадрлық резервке енгізіледі және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Екі жыл ішінде жаңа буыннан 583 көшбасшы даярланған. Биыл жобаға 2059 үміткер қатысып, олардың арасынан 471-і елдің үздік мектептерінде тағылымдамадан өтіп жатыр.