• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Кеше

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады

20 рет
көрсетілді

30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азияның үздіктері анықталады, деп жазады Egemen.kz.

World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бәсекеге ел атынан ерлер және әйелдер құрамасы барлық салмақ дәрежесінде бақ сынайды. 

Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасын баптайтын Бақыт Сәрсекбаев біріншілікке іріктеу әр салмақта спарринг сайыстары арқылы өткенін айтты. 

«Таиландтағы U22 Азия чемпионатына Ыстықкөлде Қырғызстан құрамасымен бірге оқу-жаттығу өткіздік. Осы жолы бірқатар ұлттық құраманың боксшыларын берді. Барлығы шынайы болу үшін, әр салмақта спарринг өткіздік. Бәсекелестік жоғары деңгейде болды. Тізімге кірген жігіттердің барлығы да Таиланд төрінен жүлде алуға тас-түйін дайын», деді ол. 

Сәрсекбаев сенім артқан ерлер құрамасы: 

50 келі: Нұрзат Оңғаров

55 келі: Бексұлтан Боранбек

60 келі: Нұрислам Қалдыбаев

65 келі: Илья Калинин

70 келі: Нұрбек Мұрсал

75 келі: Аман Қонысбеков

80 келі: Санжарәлі Бегалиев

85 келі: Азатбек Жолдасхан

90 келі: Темірлан Мұқатаев

90 келіден жоғары: Нұрасыл Асылхан

Чемпионатқа қатысатын әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин шәкірттері: 

48 келі: Гүлназ Бөрібаева

51 келі: Томирис Мырзақұл

54 келі: Элина Базарова

57 келі: Виктория Байдукова

60 келі: Әсем Таңатар

65 келі: Аружан Жаңабаева

70 келі: Бақыт Сейдіш

75 келі: Шұғыла Нәлібай

80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын

Айта кетейік, Азия додасына 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) тіркелген. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан елдері бар.