• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 09:23

Астанада Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

10 рет
көрсетілді

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.

— Осыған байланысты 20 шілдеде аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.  Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.