Бұл күндері Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі үлкен өнер мерекесіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биылғы 23-27 шілде аралығында өтетін Almaty Circus Festival атты III Халықаралық цирк өнері фестивалі Қазақ мемлекеттік циркінің 55 жылдығына арналады.
Бұл күндері көрермендер күн сайын Франция, Германия, Қытай, Вьетнам, Аргентина, Эфиопия, Бельгия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина мен басқа да елдерден келген акробаттар, әуе гимнастары, жонглерлер, клоундар, эквилибристер мен өзге де өнерпаздардың қайталанбас қойылымдарын тамашалай алады.
Ауқымды іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауына ие екендігін айта кету керек. Сонымен қатар цирк күмбезі астында бұған дейін халықаралық фестивальдерде көрсетілмеген эксклюзивті әрі тарихи қойылымдар алғаш рет сахналанады.