• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:00

Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылды

10 рет
көрсетілді

Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Осыған орай айдың 18-21 күндері аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Аталған күндері көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.