• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:47

Ұлытауда металлургтер мерекесі атап өтілді

20 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында Металлургтердің кәсіби мерекесі атап өтілді. Алдымен академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Мерекеде Ұлытау өңірінің тау-кен, металлургия салаларында ұзақ жыл еңбек етіп, сала дамуына үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Олардың қатарында байытушылар, инженерлер, өндіріс шеберлері, сондай-ақ осы салаға еңбегі сіңген ардагерлер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіби мереке иелері «Еңбек Даңқы» ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгілерімен, Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен, кәсіпорынның Құрмет грамоталарымен, «Еңбек озаты» кәсіподақ марапатымен, «Кәсіподақтың құрметті қайраткері» төсбелгісімен, «Eńbek Tabysy» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Дастан Рыспеков:

«Металлургия – Қазақстан экономикасының тірегі. Бұл сала – еліміздің индустриялық қуатын айқындайтын стратегиялық бағыт. Ал Ұлытау – металлургияның тарихи мекені. Бүгінгі таңда да біздің өңір – металл өндірісінің ірі орталығы ретінде ел дамуына үлес қосып отыр. Сіздердің маңдай термен келген табысты еңбектеріңіз – халқымыздың әл-ауқатын арттырудың басты кепілі»,  - деп металлург мамандардың ел игілігі үшін атқарып отырған қызметінің маңызын атап өтті.

Байытушылардың кәсіби мерекесі бүгін «Металлург Fest» фестивалімен және Алашахан алаңында басталатын гала концертпен жалғасады.

Ұлытау облысы