• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Кеше

19 шілде күні eGov және басқа да онлайн мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді

10 рет
көрсетілді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Бұл жұмыстар компанияның сүйемелдеуіндегі жобалардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 19 шілде күні сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін жоспарланған. Уақыт аралығы пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалған, осылайша мүмкін болатын қолайсыздықтарды азайту көзделіп отыр.

Аталған кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі); e-Otinish, E-license порталдары мен Ашық үкімет жүйелері; Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері; «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және электрондық үкімет шлюзі арқылы біріктірілген өзге де мемлекеттік қызметтер.

— Ыңғайсыздықтардың алдын алу үшін қажетті операцияларды алдын ала аяқтап, техникалық жұмыс уақытына құжаттардың қағаз нұсқасын дайындап қою ұсынылады, — делінген ресми хабарламада.