• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:52

Астанада 22 жүргізуші масаң күйде көлік тізгіндеген

20 рет
көрсетілді

Астанада әр демалыс сайын «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Осы шара аясында өткен демалыс күндері 22 жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. 

Мәселен, полицейлер «Toyota Camry» маркалы көлікті есірткі тұтынып басқарған 26 жастағы жүргізушіні тоқтатқан. Бұл факт медициналық куәландыру қорытындысымен расталған. Ол ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырған. Сондай-ақ наркологиялық есепке қою жазасын тағайындаған.

Айта кетейік, жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 900-ден астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған.