• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 10:36

Алимент әке бола ма

20 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары жас шаңырақтың шайқалуы жиі кездеседі. Жаутаңкөз жетім балалардың да қатары аз емес. Облыстық әділет департаментінің 2025 жылдың алғашқы алты айындағы жұмысына тоқталсақ, алимент өндіруге қатысты 13286 атқарушылық іс тіркеліп, оның 1272-і аяқталыпты. 6891 іс мерзімдік бақылауда,  4649 борышкер алиментті өз еркімен төлеп отыр. 538 іс бойынша берешек 753 миллион теңгені құрайды. 114 адам әкімшілік жазаға тартылған. Олардың 65-і қамауға алынып, 49-ына айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алимент төлейтін азаматтарды жұмысқа орналастыру жағы да қарастырылуда. Осыған дейін алты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 40 борышкер тұрақты жұмысқа орналастырылған.

–Жыл басынан бері жекеменшік сот орындаушыларының өндірісінде мемлекет пайдасына өндіру бойынша 48676 іс тіркелді, – дейді департамент басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов, – оның 18927-і аяқталып, 5,8 миллиард теңге көлеміндегі берешек қайтарылды.

Жеңіл тәртіппен қаралған 20418 атқарушылық істің жалпы көлемі 470,9 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 4112 іс аяқталып, 4100 іс нақты орындалған. Өндірілген қаражат көлемі 86,7 миллион теңге.

Қоғам осы бір мәселеге мұқият назар аударуы қажет  тәрізді. Әрине, қысқа жіп күрмеуге келмей жатқан уақытта тиесілі алименттің уақытылы төленгені жөн. Әйтсе де көңілде «алимент әке бола ма?» деген сауал қалатыны бар.   

Ақмола облысы