• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 09:10

Роботтар бір ауданды көшірді

20 рет
көрсетілді

Қытайдың Шанхай қаласында ақылға сыймайтын инженерлік жоба жүзеге асты. 432 арнайы робот бір ауданның құрылыс нысандарын жылжытып, одан соң қайта орнына қойған.

Қытайда жерасты метросын салу үшін ғимараттарды жылжытуға тура келген. Машақаты көп жұмысты роботтар мінсіз атқарып шыққан. Ең қызығы жұмыс барысында ғимараттарға ешқандай зақым келмеген. Жалпы салмағы 7500 тонна болатын бірнеше ғимаратты роботтар екі апта бойы, күніне 10 қадам жасап, синхронды қозғалыспен жылжытқан. Жер астын­­дағы болашақ метро желісі өтетін аумақты босатқан соң, олар ғимараттарды бұрынғы орнына қайта апарып қойған.