Алматыда 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы 3 және 5-бөліктері бойынша Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заң талаптарына сәйкес аудан әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген. Қабылданған шаралар арқылы әкімдіктер, анықталған қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жүргізді, – деді құзырлы орган өкілдері.