• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тарих Кеше

Cақ дәуіріне тиесілі сирек кездесетін екі қола пышақ табылды

10 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Баянауыл ауданында сақ дәуіріне тиесілі сирек кездесетін екі қола пышақ тапты. Құнды жәдігерлер Торайғыр көлінің маңындағы сақ қорғанында жазғы далалық тәжірибе кезінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл біз «Торайғыр-6» атты белгілі ескерткіште қазба жұмыстарын жүргізіп, тас төбенің шыңын зерттедік. Нәтижесінде «Торайғыр-7» жаңа қорған анықталды. Екі қорғанды қазу барысында біз сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қола пышақтарды таптық», – деді Марғұлан университетінің археологиялық қорларының бас сақтаушысы Елена Тушева.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл - Павлодар облысында табылған ең көне қола бұйымдардың бірі.

«Пышақтар ежелгі технология әдісі арқылы қоладан құйылған. Бірақ стилистикалық жағынан ерте темір дәуіріне жатады. Бұл аймақта дамыған металлургиялық технологиялар мен тұрақты мәдени байланыстардың болғанын растайды», – деді Елена Тушева.

Сондай-ақ археологтар бұл жерден Тасмола мәдениеті өкілдерінің қалдықтарын тапқан.

«Қаңқа-сүйектер жақсы сақталған. Бұл жыныс, жас және антропологиялық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік берді. Ал төменгі қабатты тазартқан кезде біз көне Андронов мәдениетіне жататын қабірлерге тап болдық», – деді «Тарих» бағдарламасының студенті Ангелина Грищенко.

Айта кетейік, Марғұлан университеті Баянауыл аймағында 10 жылдан астам уақыт бойы зерттеулер жүргізіп келеді. Бүгінде оқу ордасы Баянауылдағы негізгі археологиялық ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етеді.