Астананың жас суретшілері Лондонда өткен беделді Golden Time Talent Festival 2025 өнер фестивалінде бірінші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Фестивальге Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Польша, Франция, Түркия, Италия, Украина, Литва, Грузия және өзге де 25-тен аса елден 150-ден астам қатысушы жиналған. Іс-шара әйгілі Triton Square және The Shaw Theatre алаңындағы сахналарда өткен. Онда өнер көрсетілімдері, концерттер мен марапаттау рәсімдері ұйымдастырылған.
Жас суретшілер Адият Жұмабай, Әмина Исламова, Димаш Өмірзақов, Жанар Меңдібаева және олардың тәлімгері, педагог Әлия Есілбаева бірінші орын иеленген. Олар британдық дипломдар, жеңіс кубоктарына қол жеткізді. Сондай-ақ отандастарымыз алдағы халықаралық көрмелер мен өнер көрсетілімдерге эксклюзивті шақыртулар алып, Top World Talents каталогына енген.
Фестиваль аясында бейнелеу өнері, музыка, би және театр өнерінің үміткерлері бақ сынаған. Қатысушыларды 14 елден келген халықаралық қазылар алқасы бағалаған.