Елімізден экспортталатын астық көлемі 58,4%-ға артқан. Бұл оң көрсеткіш қазақстандық астықтың сыртқы нарықта жоғарғы сұранысқа ие екенін аңғартып отыр, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құраған.
Астықтың басым бөлігі тасымалданатын елдер қатарында: Өзбекстан – 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан – 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан – 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан – 238 мың тонна (+96%), Иран – 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан – 713 мың тонна (118,8 есеге өскен) мемлекеттері бар.
Астық экспортының артуына жеткізу географиясының кеңеюі, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі де әсер еткен.