Әлем фильмдері кадрлар арасындағы ең қымбаты – тірі жан жоқ Лондон көшелерімен жалғыз адамның жүріп келе жатқан көрінісі. Оны түсіру оңайға соқпаған.
«28 күннен кейін» фильміндегі бұл кадр таңғы 4 пен 5 арасында Лондонның дәл ортасында, Вестминстер, Тауэр көпірі мен Пикадилли алаңында түсірілген. Осы бірнеше минуттық кадр үшін түсірілім тобы жүздеген рұқсат алып, полициямен келісіп, көлік қозғалысын тоқтатқан. Жақын маңдағы дүкендер мен бизнес иелеріне өтемақы төлеген. Қауіпсіздік үшін жүздеген күзетші жалдаған. Режиссёр Дэнни Бойл уақыт жоғалтпау үшін цифрлық камера қолданады. Кадрды бірден түсіру керек болды, өйткені әр қосымша дубль ондаған мың доллар шығын еді.