Қыркүйекте Дубайда жасанды интеллект жасаған мәзірмен жұмыс істейтін «Woohoo» мейрамханасы ашылады. Ол «Burj Khalifa» мұнарасынан 300 метр жерде орналасады.
Мәзірдің авторы – «Aiman» атты жасанды интеллект. Жүйені «Gastronaut» компаниясының негізін қалаушы Ахмет Ойтун Чакыр әзірлеген. «Aiman» бас аспаз болғанымен, тағамдарды өзі пісірмейді, ингредиенттердің қышқылдығы, құрылымы, дәмі сияқты параметрлерді талдай отырып, молекулалық гастрономия негізінде жаңа мәзір жасайды.