• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Заңгерлік қолдау артады

20 рет
көрсетілді

ReConsult жобасы іске қосылды. Осының аясында Respublica партиясы мен Қазақстан заңгерлер одағы азаматтарға қолдау көрсетуді күшейткелі отыр, деп жазады Egemen.kz.

Respublica партиясы Әділетті Қазақстан құрудағы жүйелі жұмысын жалғастырып, азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға ден қойды. Еске салсақ, өткен жылдың ақпанында партия Қазақстан заңгерлер одағымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Партияның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес бірнеше ай ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі 628 адамға тегін құқықтық көмек көрсетілген. Енді осы серіктестіктің бір бөлігі ретінде жаңа ReConsult жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты - азаматтар мен кәсіпкерлерге білікті және ақысыз заң көмегін көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

«ReConsult жобасы тәжірибелік серіктестік пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Біз меморандумға қол қоюмен шектелмей, нақты іске көштік. Бұл жоба мыңдаған адамға нақты құқықтық тірек болады деп сенемін. Әділет уәде емес, өмірлік шындық болатын қоғамды бірге құрайық!»,  деді Respublica партиясының Орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақов.