Жарқайың ауданы прокуратурасы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
2025 жылғы 13 маусымда Жарқайың аудандық сотының үкімімен кәсіпорнының бұрынғы есепшісі аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан шектелді.Сот тергеуі кезінде сотталушы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұзақ уақыт бойы мекеменің ақшалай қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны белгілі болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асқан.Сот мекеменің азаматтық талабын да қарап, келтірілген шығынды толық өтеу жөнінде шешім шығарды.