• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:02

Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті

10 рет
көрсетілді

Алматыда қоғамдық автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.

Жол апаты Алатау ауданында 14 шілде күні, сағат 18: 10-да болған. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатар жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан. Онымен қозғалыс қарқыны тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, қоғамдық автобуспен, Subaru көлігімен соқтығысқан.

Қалалық полиция департаменті жол апатынан 23 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. 

Жол апатына байланысты тергеу жұмыстары басталған.