АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің ғалымдары жасаған ерекше робот-хирург адамға ұқсас модельге өт қабын алып тастау операциясын өздігінен жасады. Жаңа жүйенің атауы «SRT-H». Ол бұрынғы хирургиялық роботтар сияқты бұйрықпен ғана жұмыс істемей, өзі жағдайды түсініп, бейімделе алады. Мысалы, операция кезінде дауыс арқылы берілген нұсқауларды орындайды, күтпеген жағдай бола қалса, соған сәйкес шешім қабылдай алады.