Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке күні демалыс күнге түссе, келесі жұмыс күні ресми демалыс күні болып белгіленеді.
Осылайша, қазақстандықтар 2025 жылы Конституция күнін үш күндік демалыспен атап өтеді: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі), сондай-ақ 1 қыркүйек – дүйсенбі.