• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 19:00

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

20 рет
көрсетілді

16 шілде күні 15:00-де Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараны Алматы ауданы әкімдігі өткізеді.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.