Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі Джек Дарси интернетсіз жұмыс істейтін Bitchat мессенджерін іске қосты. Бұл қосымша дәстүрлі мессенджерлерден ерекшеленеді. Ол интернетке немесе ұялы байланысқа тәуелді емес. Bitchat mesh-желі технологиясын қолданады, деп жазады Egemen.kz.
Яғни смартфондар Bluetooth арқылы бір-бірімен тікелей байланысып, бірнеше жүз метр қашықтықта хабарлама алмаса алады. Мұндай байланыс түрі интернет бұғатталған, сигнал жоқ немесе байланыс нашар орындарда пайдалы.
Мәселен, концертте, футболда, митингте, табиғи апат кезінде немесе шалғай ауылдарда Bitchat арқылы хабарласуға мүмкіндік бар. Қосымша тіркелуді талап етпейді, телефон нөмірі де, email де қажет емес.
Хабарламалар шифрланып, тек құрылғы ішінде сақталады. Егер адам mesh-желі аумағынан шығып кетсе, оның хабары кейін жақын маңда басқа қолданушы пайда болғанда ғана жеткізіледі. Қазірше Bitchat тек iOS құрылғыларында шектеулі түрде қолжетімді. Болашақта әзірлеушілер Android нұсқасы мен Wi-Fi Direct арқылы жұмыс істейтін түрін де шығармақ.