• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес 11 Шілде, 2025

Азия бәсекесінде қазақ балуандары екі алтын еншіледі

30 рет
көрсетілді

Грек-рим күресінен жастар арасында Бішкек (Қырғызстан) қаласында 9-10 шілдеде Азия чемпионаты өтті. Қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

 

Балуандар қоржынға екі алтын салып, жастар арасында Азия чемпионы атанды. Нақты атағанда, жеңіс тұғырының ең биік сатысына шыққандардың бірі Темірлан Тұрдақын (87 келі) болса, енді бірі 82 келіге дейінгі салмақ бойынша топ жарған Диас Сейітқалиев.

Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлде олжалады, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдеге қол жеткізді.