• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:30

Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған

30 рет
көрсетілді

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.

Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 755,4 млн теңге төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша осы жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген 2 941 тексеру барысында 3 608 бұзушылық анықталған, оның ішінде: еңбек саласында – 2 973, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 616, халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.