• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:10

5 күннен бері іздестіріліп жатқан жасөспірімінің мәйіті табылды

20 рет
көрсетілді

2 шілде күні тауға барып, хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы баланың денесі бүгін сағат 07: 30-да табылды. Оның жоғалып кеткені туралы Алматы қалалық ТЖД-ға ағасы 6 шілде күні хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Жасөспірімді іздеуге ТЖМ РЖҚЖ мен ТЖД-ның 44 құтқарушысы, 109 Құтқару қызметі, шекара қызметі мен полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ 8 техника, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты, дрондар, 4 ит және ҚР ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.

5 күндік ауқымды іздеу шаралары нәтижесінде жасөспірім теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктіктен табылған. 

Алматы құтқару қызметінің мәліметінше, құтқарушылар табылған орынға жедел жетіп, мәйітті тасымалдау жұмыстарын бастаған. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.