• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 09:44

«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар күдікті Дубайда ұсталды

40 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген лақап атпен танымал болған) қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінген.«Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды», делінген Бас прокуратура хабарламасында. Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиевтің өзі «Қаңтар оқиғасы» кезіндегі заңсыз әрекеттері үшін 20 жылға сотталған.