1862 жылы жазушы Виктор Гюго демалыста жүріп, жаңа шыққан «Аласталғандар» романына ел-жұрттың пікірін білгісі келеді. Сөйтіп, ол баспагеріне «?» деп жеделхат жолдайды.
Ал баспагер жеделхатқа «!» деп жауап береді. Осылайша, бір ғана таңбадан тұратын бұл жазба әдебиет тарихындағы ең қысқа хат алмасу ретінде есте қалды.