• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 07:36

Санадан өшпеген кейіпкер

10 рет
көрсетілді

«Мың дауыстың иесі» атанған аме­ри­калық актер Мэл Бланк атақты «Warner Bros» студиясының Багз Банни, Даффи Дак, Порки Пиг сынды көптеген кейіпкерлерінің даусын сомдаған.

Бірде ол көлік апатына түсіп, бас сүйегі сынып, үш апта бойы комада жатады. Дәрігерлер оның есін жиғызуға қанша тырысса да нәтиже болмайды. Алайда бір күні дәрігер «Қалың қалай, Багз Банни?» деп сұраған сәтте, Мэл Бланк дереу есін жиып, қоянның дауысымен жауап берген екен. Бұл оқиға оның кейіпкерлері жай рөл емес, жан-жүрегінің бір бөлшегіне айналғанын аңғартады. Бәлкім, сол себепті де оның дыбыстаған бейнелері әлемге танылып, талай адамның жүрегінен орын алған болар.