• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:15

Тәжікстанның ЖОО-ы қазақстандықтарға 100 білім грантын бөлді

10 рет
көрсетілді

2025–2026 оқу жылына Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық талапкерлер үшін 100 білім грантын бөлді. Бұл бастама екі ел арасындағы 2000 жылғы 13 маусымда қабылданған білім беру саласындағы келісім аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім гранты келесідей бағдарламаларды қамтиды:

Бакалавриат – 70 орын; Магистратура – 20 орын; Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру – 10 орын.

Оқу тәжік немесе орыс тілінде жүргізіледі. Грант аясында талапкерлерге тегін оқу, ай сайынғы стипендия, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету қарастырылған. Алайда, жол жүру және тұру шығындары студенттің жеке есебінен төленеді.

Айта кетейік,  2025 жылғы 10 шілде мен 5 тамыз аралығы құжаттар қабылданады. Іріктеу дербес әңгімелесу арқылы жүргізіледі.

Білім алу мүмкіндігіне ие болуда мына санаттағы үміткерлерге басымдық беріледі:

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар; Бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; Көп балалы отбасынан шыққан балалар; Соңғы екі жыл ауылдық елді мекенде тұрақты тұрған үміткерлер; Шетелдік ЖОО-нан ресми шақыруы бар талапкерлер.

Қорытынды іріктеуді Тәжікстан тарапы өткізеді. Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың толық тізімі арнайы ресурста қолжетімді.