• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылды ма? Полиция жауап берді (видео)

30 рет
көрсетілді

9 шілде күні  қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткен еді. Сот залында П.Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылғанын айтқан болатын. Бүгін Астана қалалық полициясы күдіктінің мәлімдемесіне жауап беріп, оқиға болды делінген күннің бейнежазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Елорда полициясының хабарлауынша, 9 маусым күні тергеудегі П.Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген.

Аталған арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынған. 

Полиция алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесін жариялады. 

«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, тергеу әлі жалғасып жатыр. Тиісті сараптама да тағайындалған.