• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 11:50

Туристік пойыз жолға шығады

20 рет
көрсетілді

Қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтеді. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи, мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәстүрге айналған сапар аясында «Jibek Joly» туристік пойызы осымен бесінші мәрте жолға шығып отыр. Осыған дейінгі маусымдарда турға мыңнан астам турист қатысқан. Пойыз жаңа, жайлы, отандық өндірістен шыққан вагондардан құралған. Іші ұлттық нақыштағы дәстүрлі ою-өрнектермен безендірілген. 5 вагоны бар. ( 4 купе және 1 мейрамхана вагоны). Бағыт Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Алты күн ішінде тур қатысушылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңы, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен Регистан алаңы, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешені сияқты ірі сәулет және тарихи ескерткіштерді аралайды.

Туристік пакет құнына пойызбен жол жүру, кәсіби гидтермен бірге жүретін туристік бағдарлама, экскурсиялар мен туроператорлар ұйымдастырған трансферлер кіреді. Туристік пойыз ҚТЖ компаниясының бастамасымен, «Өзбекстан темір жолдары», ҚР Туризм комитеті, Көлік министрлігі және Kazakh Tourism қолдауымен ұйымдастырылған. «Jibek Joly» туристік пойызын іске қосу – теміржол туризмін дамыту жолындағы маңызды қадам. Ол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланысты нығайтып, өңірдің тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.