• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:00

Қазақстанда тамақ өнімдерінің өндірісі артты

30 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында негізгі азық-түлік түрлерін өндіруде оң динамика байқалғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, сиыр еті өндірісі 133,6 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артқан. Құс еті өндірісі 6,1%-ға өсіп, 157,7 мың тоннаға жеткен.Сүт өңдеу саласында да өсім байқалып отыр. Сүт өндірісі 3,9%-ға артып, 273,5 мың тоннаны, айран – 5,4%-ға өсіп, 37,1 мың тоннаны, сары май – 12,7%-ға көбейіп, 15 мың тоннаны құрады. Тауық жұмыртқасы 1,79 млрд дана көлемінде өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға көп.Дәнді және майлы дақылдар өнімдері сегментінде де айтарлықтай өсім тіркелген. Бидай ұны өндірісі 6,5%-ға артып, 1438,3 мың тоннаны, қарақұмық жармасы – 19,4%-ға (10,7 мың тонна), макарон өнімдері – 7,8%-ға (63,7 мың тонна) жеткен.Күнбағыс майы өндірісі 21,7%-ға өсіп, 334,5 мың тоннаны, күріш өндірісі 21%-ға артып, 84,5 мың тонна болған.Қант өндірісі  елеулі  деңгейде 10 есе артып, өткен жылғы 6,1 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін өскен. Тұз өндірісі 6,1%-ға артып 169,3 мың тоннаны құраған.Министрлік бұл көрсеткіштер елдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және ішкі агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етіп жатқанын атап өтті.