• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:20

Техастағы су тасқыны салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Орталық Техаста болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 119 адам қаза тауып, 161-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, із-түзсіз кеткендерді іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Аталған апат АҚШ-та соңғы жарты ғасырда тіркелген ең адам шығыны көп су тасқыны ретінде бағаланып отыр.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Керр округінде 95 адам көз жұмғаны расталған.

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт сейсенбі кешке жасаған мәлімдемесінде, штат бойынша 173 адамның әлі де іздестіріліп жатқанын айтқан. Ол апат құрбандарын еске алу үшін 14 шілде күні күн шыққанға дейін Техас штатының туын төмен түсіруді бұйырған.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны жұма күні таңертең Сан-Антониодан солтүстік-батысқа қарай шамамен 140 шақырым жерде басталған. Қатты нөсердің салдарынан Гваделупе өзені арнасынан шығып кеткен.

АҚШ-тың жетекші ақпарат құралдары Техастағы су тасқынын және жазғы лагерьден жоғалған балалар оқиғасын соңғы жылдардағы ең ірі трагедиялардың бірі деп атады.