• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі жабылды

10 рет
көрсетілді

Аталған даңғылдың Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскесі бүгіннен бастап жабылды, деп жазады Egemen.kz.

Нақтырақ атағанда 9-12 шілде аралығында айтылған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылады. Осы орайда көлік қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.

Қауіпсіздік үшін және қолайсыздықтарды азайту тұрғысында уақытша жол белгілері-бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз», делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.