9 шілде күні Атырау – Астана бағытындағы түнгі рейс кезінде жасы үлкен жолаушы өзін кенеттен жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жолаушының жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сол кезде ұшақ бортында болған Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен Алматы қаласындағы «Arsamed» клиникасының дәрігері Зағира Анық шұғыл медициналық көмек көрсетіп, жолаушының өмірін сақтап қалған.
Сондай-ақ дәрігерлер әуе кемесі жерге қонғанға дейін науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстаған.